«Әкім бол, халқыңа жақын бол» дегендей Ақсу ауданының әкімі Базарханов Есім Сейілханұлын ауыз толтырып айтуға да, мақтауға да тұрарлық жандардың бірі деуге әбден лайық. Кез — келген қиындық пен Есім мырзаға барған ауыл тұрғындарының мәселелері бірден шешіліп, жақсы көңіл — күй мен шығып жатады. Алдына өтінішпен келген жандарды жайбарақат қабылдай салмай, ең болмаса бір шаруасын тиянақты тындарып беруге даяр тұрады. Осындай асыл қасиеті оның қолы ашық, жүрегі жомарт жан екенін даралай түседі. Әсіресе ауылдағы мүміндігі шектеулі жандарға, жетім — жесірлерге қамқорлық пен қайырымдылық жасауды игі дәстүрге айналдырған.

Тағы бір Ақсу ауданының белді азаматтарының бірі ретінде Барманбеков Жаргентті айтуға болады. Барманбеков Жаргент институт бітіріп келгеннен кейін, ауданға мұғалім болып орналасып, кейіннен атқарған еңбегіне сай мектепке басшы болып тағайындалды. Басшылық жолы арқылы біршама тер төгіп, жұмыс атқарды. Басшылық қызметтен көтеріліп оқу бөлімінің бастығы болып қызмет жасады. Осы арада жүріп спорт өнеріне де бейім болды. 1995 жылы үкімет тарағаннан кейін, халықтың жағдайы нашарлай бастаған тұста Барманбеков Жаргент 15 тонна ұн, 20 тонна картопты жағдайы төмен болып жатқан аудан жұртшылығына тарату арқылы біршама жақсылық жасады. Бұл жақсы әрекетінен кейін сол тұста әкім болған Далбағаев Әділбек Егеубекұлы, Барманбеков Жаргентке Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағын беріп, кеудесіне арнайы төсбелгіні тақты.
Келесі азамат Исаев Асқар халыққа қайырымды жұртқа жағымды жандардың бірі. Қай салада болмасын қызметіне адал бола білді. Хатшылықтан бастап мектеп басшысы қызметіне дейін көтерілді. Қазіргі уақытта зейнетте.
Ақсу ауданының ішкі істер бөлімінің подполковнигі Сакенов Даурен Қадырұлы жас болса да бас болып жүрген ер — азаматтарымыздың бірі. Және де Абдырахманов Қадыр Ақсу ауданында біршама жылдар бойы адал қызмет атқарып, ішкі істер бөлімінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Осы уақытқа дейін Абдырахманов Қадырдың атына бірде — бір арыз — шағым түскенін көрген емеспін. Қазіргі уақытта зейнетте. Осы жылдарда қаншама еңбек адамдарымен бір сапта қызмет ете отырып, олардың сұраныстары мен талаптарын орындауда аянып қалған емес. Сакенов Даурен Қадырұлына тек қана отбасы амандығын, деннің саулыған тілеймін. Алдағы уақытта халқына халаулы, еліне елеулі азаматтарымыздың қатарынан көрсек екен.

Енді неше жыл Қаракөз ауылында әкім болып қызмет атқарғанЕсімбаев Балтабай туралы да ауыз толтырып айтуға болады. Қазір ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған, барлығын оқытып, жақсы тәлім – тәрбие берген зейнеткер. Кезінде қызметте жүргенде ауылдастарының қамын ойлап, қиналғандарға талай көмегі тиген азамат. Осы ауылда тағы Алпысбай деген беделді азамат бар. Кеңқарын ауылында темір тұлпарды тізгіндеп, өмір бойы жер жыртып, егін еккен, халыққа қол ұшын берген жақсылардың қатарында. Тасболатов Меңғали ды да осы арада атап өткенім дұрыс болар. Аттары аталған азаматтардың бәрі бүгінде елге сыйлы, жүріп өткен іздерін жазатын болсақ бір кітап болатын абыройлы жандар. Тәуелсіз еліміздің тұлғалары десек артық емес.
Ақсу қант зауытының директоры Нәдірбаев Самат Тлеубайұлының да ауданымыз үшін еңбегі зор. Тұрмыс жағдайы төмен кембағал жандарға Саматтың да тигізген көмегі жетерлік. Аудандағы комхоздың директоры Нұрболат та жақсылық жасау жағынан ешкімнен кем қалмайтын азаматү Осындай мықты азаматтардың қатарын Ақсу политехникалық колледжінің директоры Сәкен және орынбасары Ерболдың есімдерімен толықтырғанды жөн санадым. Екеуі де алдыларына келген шәкірттерге дұрыс тәлім – тәрбие беріп, маман етіп шығарып отырған нағыз ұстаздар. Олар да жақсылық, қайырымдылық жасауда алдыларына жан салмайтын беделді ерлер.
Халық қамын ойлап жүрген ерекше жандардың қатарына «Ақниет» дүкенінің меңгерушісі Болатбекқызы Гүльзияны айтқым келеді. Қарапайым ауыл тұрғындарымен барынша сыпайы сөйлесіп, керекті сұраған заттарға жылдам жауап береді. Аудан бойынша бағасы ең тиімді әрі арзан жеміс-жидектер орналасқан дүкен ретінде мақтау айтқым келеді. Алдағы уақытта Гүльзияның отбасына амандық, саудасына толағай табыс тілеймін.
Жақсы адамдардың қатарын тағы бір кәсіпкер жандармен толықтырғым келеді. Солардың бірі бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп «Мадина» дүкені мен қонақ үй кешенін жүргізіп отырған Сқақбаева Анар. Кәсіпкерлігімен қатар бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Екіншісі «Назира» дүкенінің меңгерушісі Гүлайым Жолдасбаева. Екеуі де үнемі халықты жақсы көңіл — күймен қарсы алып, жылы лебізбен шығарып салады. Болашақта осы алған бағыттарынан қайтпай, көптеген жетістіктерге жетулеріне шын жүректен тілектеспін.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!»-деп тегін айтпаған. Орынды айтылған жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай аты аталған жақсы тұлғалардың өнегелік үлгісін қалың жұртшылыққа жолдағым келеді.
Хизар Абуұлы.
#Qazaqstan30