Жаңа көлік сатып алдыңыз ба?


Оны автоХҚО-ға бармай, kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдеп көріңіз. Ол үшін сатушы қосымшаға кіріп, Мемлекеттік қызметтер бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдауы тиіс.

Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, айыппұл мен салық берешегі барын тексеруге болады. Бұдан кейін көлікті сатып алушының ЖСН нөмірі мен көліктің сатылымға қойылған бағасы толтырылады.

Егер көлікті сатушы нөмір белгісін сақтап қаламын десе, тиісті жерге белгі қоюы тиіс. Соңында сатушы электронды қолтаңбасы арқылы көлікті тіркеуден шығарады.

Бұдан кейін сатып алушы тарап қосымшада «Автокөлікті тіркеуге қою» батырмасын басып, көлік жайлы мәліметтерді растайды. Көлікті сатып алу құнын төлеп, мемлекеттік тіркеу нөмірін қай автоХҚО-дан алатынын көрсетеді. Бұдан кейін нөмір бегісі мен техпаспорт, тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына 3 сағат ішінде келеді.
Қызмет құны: Техпаспорт — 3646,25 тг, Көліктің жаңа нөмірі — 8167,60 тг, Тіркеу үшін — 729,25 тг.

Есіңізде болсын❗
☝️Рәсімдеуді бастамас бұрын Kaspi электронды қолтаңбасын алдын ала алғаныңыз жөн.


Мәліметпен бөлісу: