«Жас ұрпақ білімді болып өссе, еліміздің ертеңі нұрлы болмақ »,- деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, ақпан айында «Жастар жылына» орай және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын драматург, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, Әбділдә Тәжібаевтың 110 жылдығына орай, С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Ә.Тәжібаев оқулары» облыстық жастар байқауы өтті. Байқауға облысымыздың түкпір — түкпірінен дараланып, жүзден жүйрік атанған дарабоздар бақ сынасты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Әбділда Тәжібаевтың поэзиялық туындыларын нақышына келтіріп оқыса, келесі кезеңде жас дарындар актерлық шеберліктерін жұртшылық назарына ұсынып, өнерлерін паш етті. Бір — бірінен кем түспейтін, өнерлі, талантты жастарыдың арасынан дара шыққан Ақсу ауданының орталық кітапханасының тұрақты оқырманы, Ауданымыздың үмітін арқалаған Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің әдіскері Нұрахыман Еділ көптеген байқаулардың жеңімпазы атанған. Бұл бәйгеден де, «жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар» атанып,ауданымыздың атағын тағы да бір мәрте, мәре тұғырынан көрсетіп, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Кітапхана ұжымы атынан алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!!!
А.Нұрлан,
аудандық кітапхананың кітапханашысы