Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні «Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығы» «Ақын Сара мәдени-жастар» орталығы және Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жүрімбек Сыдықов атамыздың 95-жасқа» толуына арналған аудандық жайдарман кубогінің ойыны өтті. Жастардың арасында жайдарман ойындарын насихаттау, жастардың шығармашылығына қолдау көрсету , бос уақттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету, жастардың қоғамдағы орындарын нақтылау аясында өткізілген шарада 7 құрама қатысып, жүлделі бірінші орынды «Шоқпар командасы иеленді.» Көтеріңкі көңіл күйде ұйымдастырылған шарамыз жастарға арналған би кешімен жалғасын тапты.