Жұмыстарды айқындап берді

Бүгін мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады. Жолдауда Жаңа Қазақстанды құру жолында атқаруға тиіс жұмыстарымызды айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді. Халық болып жұмылып Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге референдум өткіздік. Мемлекет басшысы өз сөзінде: “Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды.   Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес” — деді. Және мемлекет байлығынан әркімге тиісті үлесі берілетінін де тілге тиек етті.  Ел ертеңі жолында жарқын мүмкіндіктерге жол ашатын бастамаларын ұсынды.

Құрманғалиева Бақыт Нұрсейітқызы

Аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы

Мәліметпен бөлісу: