
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми ақпараты бойынша, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беруге дейін лайықты жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылды. Бұл –жұмыспен қамту қызметін жетілдіруге арналған пилоттық жоба. Осы кезеңде мансап орталығы азаматтың білімі, еңбек өтілі, дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, оған сәйкес бос жұмыс орындарына, субсидияланатын жұмыс орындырана, кәсіптік оқуға қатысу ұсынылады. Егер азамат осы кезеңде жұмысқа орналасса, 13 күннің аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Ал лайықты жұмыс табылмаған жағдайда, қолданыстағы тәртіпке сәйкес оған жұмыссыз мәртебесі беру мәселесі қаралады.
Жаңартылған тәртіптің мақсаты – жұмыссыздықтың алдын алу және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру.
Ақсу аудандық мансап орталығының ақпараттық түсіндірмесі
