Зауыт жұмысы сәтті аяақталды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қант зауытының бұрынғы мәдениет үйінде, яғни «Ақын Сара» мәдени жастар орталығында қант зауыты жұмысының аяқталуына байланысты қорытынды жиыны өтіп, аудан әкімі Әділбек Далбағаев жиналған көпшілікті жұмыстың аяқталуымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Ақсу қант зауытын жүргізу мақсатында облыс басшылары тарапынан үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде зауытты қайта қалпына келтіру үшін инвес-тор ретінде «Энерго Мост» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы тартылды. Бұл жұмысты іске асыру үшін 15 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп күтілуде.

Нәтижесінде өздеріңізге мәлім, 2017 жылы қант зауыты 10 жылдан кейін өзінің жұмысын қайта жүргізді. 500-ден астам адам жұмыспен қамтылып, 1 млрд. теңге қаражат жұмсалды. Қант қабылдау пунктіне 80 мың тонна қызылша қабылданды – деді. Зауыттың қайта жөндеу жұмыстарының басы қасында болған Юшков Владимир Дмитриевичтің кеудесіне Елбасы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты.
Келесі кезекте сөз алған Ақсу қант зауытының бас директоры Төлегенов Мұрат Төлегенұлы зауыт қызметкерлерін құттықтап сөз сөйлеп, «Ақсу қант» ЖШС – і басшыларының ізгі тілегін жеткізді. Зауыттың аяқталуына байланысты бір топ азаматтар мен азаматшаларды Құрмет грамотасымен марапаттады.
«Ақын Сара» мәдени жастар орталығының өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, жиналған көпшіліктің көңілінен шықты.

Е.ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: