Елбасымыздың Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс күні болып жарияланды. Олай болатыны — Қазақстанды көп ұлт пен ұлыстардың өкілдері мекендейді. Ақсу ауданының өзінде бірнеше ұлт өкілдері тату – тәтті тұрып жатыр. Олардың барлығы да аудан орталығындағы мекеме – ұйымдарда қызмет істеп, сол мекемелердің қызметіне жүгінеді. Ешкімді бөліп – жармай мекеме қызметкерлері жылы ілтипатпен қызмет атқаруда. Сондай мекемелердің бірі аудандық «Қазпошта» мекемесі.
Пошта индустриясы — өнеркәсіптің ең көне салаларының бірі. Дегенмен, бүгінгі поштаның кешегіден түбегейлі айырмашылығы бар. Қазіргі заманның технологиялық жетістіктері ертеңгі пошта бөлімшесін дамыту үшін үлкен мүмкіндік берді және оны кеңейтеді. Өйткені қазақ пошта бөлімшесінің стратегиялық дамуы әмбебап пошта және қаржы институтын құруға бағытталған. «Қазпошта» өз тұтынушыларына пошта, қаржы, агенттік және ақпараттық технологияларды жаңғыртуға негізделген қызметтердің кең спектрін ұсынуға тырысуда.
Қызметтердің дәстүрлі жиынтығымен қатар пошта бөлімшесі бүгін электрондық, гибридтік және жылдам поштаны пайдалануға мүмкіндік береді, «Сәлем теңге», «Юнистрим» аударымдары, ірі элементтердің жеткізудің пошталық қызметтері, хат – хабар т.б. қызметтерді күнбе күн жеткізу, сондай — ақ темір жол және әуе билеттерін сату, ұялы байланыстарды толықтыру, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, жалақы беру, салықтар қабылдау, коммуналдық шаруашылық, сияқты қосымша жеңілдіктер мен қызметтерді атқарады.
Биылғы жылды аудандық «Қазпошта» мекемесі керемет жаңалықтармен бастады. Ең алдымен ағымды жөндеуден өтіп, өз тұтынушыларына ыңғайлы жағдай жасаса, мекемеде енді «Альфа Банк» арқылы аудан тұрғындарына несие береді. Аталмыш банктің ерекшелігі зейнеткерлерге 300 000, ал жұмыс орны бар адамдарға 3 000 000 теңгеге дейін пошта залының үшінші кассасында аудан тұрғындары үшін қызмет көрсетеді. Қызметкерлеріміздің елгезектігі, тиянақтылығы тұтынушыларымыздың көңілінен шығып, ел алғысына бөленуде.
1 наурыз осындай жүрекжарды тілектердің ресми түрде айтылатын күні болғандықтан көпшіліктің алғысын алып келе жатқан «Қазпошта» мекемесі мен «Альфа Банк» филиалы қызметкерлерінің еңбегін көрсетіп отырмыз.
Әрқашан осындай сыйласымды болуға жазсын!
Сұлтан Масимханов,
«Альфа Банктің» Алматы облысы бойынша өкілі.