ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Сарқан қаласында Жетісу облыстық қысқы Спартакиа­да өтті. Жиналған командалар арасында ойыншылар өзара сайысқа түсіп, жарыстың көркін келтірді. Шыныққан шымыр бо­лады дегендей, қысты күні спорт­пен шұғылданған өте пайдалы.

Жарыстың қорытындысы бой­ынша жалпы командалық есеп бойынша Ақсу ауданының ко­мандасы ІІ орынды иеленді.Об­лыс бойынша осындай жетістікке жетуіміздің бірден бір себебі — шаңғы жарысынан спортшы­лар арасында спринт бойынша Ақсу ауданынан қатысқан 18 — 23 жас аралығында Саламат Са­ния ІІ орын, 63 жастан жоғары Рамазанов Жұмабек ІІ орында көрініп, ауданымыздың абырой­ын асқақтатты.

Тауды аймақта өткен жа­рыс қатысушылар үшін оңай болған жоқ. Бірде қанатты шаңғышылардай төмен ылдила­са, бірде жоғары өрмелеулеріне тура келді. Жастар жағы мұндай ауыртпалықты жастық жігермен еңсерсе, арда­гер спортшымыз Жұмабек ақсақал өз қатарластарының мықтысы екенін дәлелдеді. Қарт спортшының шыдамдылығы ау­дан жанкүйерлерін бір серпілтіп тастаса, жастарға ауыз толты­рып айтарлықтай үлгі болды.

Асхат САУҒАНБАЕВ,

Ақсу ауданының бұқаралық спортты іс — шаралар өткізу орталығының директоры.

Мәліметпен бөлісу: