XVII — ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІЛИЯС ОҚУЫ

Мамыр айы аудан бойынша түрлі мерекелік шаралармен басталды. 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін өткізе салысымен, ауданымызда өтетін дәстүрлі Республикалық Ілияс оқуына дайындық басталып кетті. Алыс өңірлерден келетін қонақтардан ұят болмасын, «Ауылы­на қарап азаматын таны»,-дегендей аудан тұрғындары қызу дайындықты тазалықтан бастады. Көптен күткен күн де жетіп, 5 мамырда кешкі салқынмен орталық алаңда қонақтарды күтіп алдық. Алды­мен келген қонақтар орталық алаңдағы Ілияс атамыздың ескерткіші алдына гүл шоғын қойып, сол жерде салтанатты шараның ашылу салтанатына куә болды. Салтанатты шара аяқталғанша қараңғы да бат­ты. Келген қонақтар самаладай жарқыраған орталық алаң мен арбатта қыдырып, бір — бірімен танысып үлгерді. Арнайы дайындалған жатақханада қонақ асы беріліп, Ақсу политехникалық колледжіне орналасты.

Ертеңінде аудандық «Қобызшы Молықбай Байсақұлы» атындағы мәде-ниет үйінде Республикалық Ілияс оқулары өтті.

Еліміздің түкпір — түпкіріннен келген 42 қатысушы бақ сына­ды.

Республикалық байқауға елімізге танымал ақын — жазу­шылар қазылық жасады.

Нәтижесінде «Сұлу сөздің сүлейі» кезеңі бойынша Алматылық Ғизатұлы Санат жеңімпаз атанды. Павлодар об­лысы, Баянауыл ауданынан кел­ген ару Шәкен Айсәуле жүлделі І орынды иеленсе, Нұр — Сұлтан қаласынан Сапарбек Нурай мен жерлесіміз Әмірбек Гаухар ІІ орынға қол жеткізді. Осы бағыт бойынша Шұрайлы Шымкент­тен келген Шерездан Нұрдәулет, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы нан Орақбай Жаңыл және Қостанай облысы, Рудный қаласынан Токкожаев Жамбыл ІІІ орынға табан тіреді. Сонымен қатар, «Жас үміт» номинациясы бойынша атыраулық Мадилано­ва Меруерт, «Жас жыршы» но­минациясын Қарағанды облысы, Жезқазған қаласынан Мухамед­жанова Айым иеленді.

Келесі «Ілияс эпик ақын» бағыты бойынша Маңғыстаудан келген Аманбай Шынар Бас жүлдені иеленді. І орынды Түркістан облысы, Отырар ауда­нынан келген қатысушы Әубәкір Мерейлім, ІІ — орынды Жам­был облысы, Т.Рысқұлов ауда­ны Ақтайлақова Жас­мин мен Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан Алматқызы Гүлім, жүлделі ІІІ орындарды Нұр — Сұлтан қаласынан Кази­мова Ақерке, Алматы қаласынан Аманбек Айнара және Алмат облысы, Жамбыл ауданынан келген қонақ Жиенбаева Зерда теңдей бөлісті.

Осы бағыт бойынша, «Жас үміт» номинациясын Шымкент қаласынан Үйболсын Сымбат, «Жас жыршы» номинациясын Қостанай облысы, Амангелді ау­данынан Нұрлыбекова Аруай ие­ленсе, Екі «Тасқын» номинация­сын Атырау облысы, Қызылқоға ауданынан Қабыл Нұрдана мен Павлодар облысы, Ақсу қаласынан Темиргалиева Аяу­лым жеңіп алды.

Үшінші кезең «Ағынды менің Ақсуым» бағытында жерлесіміз Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің оқушысы Қимыран Жарқын Бас жүлдені иеленді. жүлделі І — орынды Түркістан облысынан Асан Ағажан ие­ленсе, Талдықорған қаласынан Қылышхан Шолпан мен Аты­рау облысы Исатай ауданынан Амангелді Дана, ІІ — орын иегері атанды. ІІІ — орынды Шымкент қаласы Амангелді Мөлдір, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Мейрамханқызы Аяулым және Алматы об­лысы, Іле ауданы, Боралдай кентінен келген Шаукен Ерасыл қанжығалады.

Аталмыш бағытта «Жас үміт» номинациясын алматылық Тәжіқұл Нүрила, «Жас жыр­шы» номинациясын Павлодар облысынан Рафаилов Бейба­рыс және Қостанай облысынан Дускеева Камилла «Тасқын» номинациясының иегері болды.

Барлық жүлдегерлерге баға-лы сыйлықтар табысталып, қатысушылардың бәріне алғыс хаттар тапсырылды.

Аудан әкімі Есім Сейілханұлы өз атынан арнайы 3 оқушыға қаржылай сыйақы табыстады. Аудан басшысы әр өңірден келген ұстаздар мен жарыста төрелік еткен әділқазыларға естелік сыйлықтар тарту етті.

Е.ӘБДІКӘРІМҰЛЫ,

арнаулы тіліші.

Мәліметпен бөлісу: