Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды «Covid-19» жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Вакцина алғаннан кейін организмде иммундық жауап пайда болады. Егер де қандай да бір қоздырғыш организмге түссе, оған қарсы антидене ағзада пайда болады. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыратыны сөзсіз. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн.
Коронавирус әсіресе, созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті екені белгілі: оларда аутоиммундық реакция болып (бөгде вирустың орнына организм өзінің сау жасушаларына шабуыл жасай бастайды) асқыну қаупі жоғары болуы мүмкін.
Сондықтан өкпе немесе бронхпен, жүрек-тамыр ауруларымен және қант диабетімен ауыратын адамдарға вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алу ұсынылады. Бірақ алдымен дәрігермен кеңесу керек.
Вакцина кез — келген созылмалы ауруы бар адамдарға ұсынылмайды. Өршу сатысындағы (онкологиялық науқастарды қоса алғанда) немесе кез-келген басқа белсенді түрдегі инфекциясы бар, дене қызуы көтерілген адамдарға екпе салдырмаған жөн.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі, әрбір адамның организмі әртүрлі. Уақытылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Дәрігерлер мүмкіндігінше инъекциядан кейін бірнеше күн ішімдік ішуден бас тартуға кеңес береді. Өйткені, қандағы алкоголь кез — келген аурудан иммунитеттің қалыптасуына жол бермейді.
Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аздап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшықеттерде аздап ыңғайсыздық болуы ықтимал. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін.
Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар.
Әрбір вакцинацияланған адам білуі керек ең басты нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан қорғайды.
Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз.
Ж.ДУБЕК,
аудандық орталық
ауруханасының салауатты өмір
салтын қалыптастыру дәрігері.