
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, денсаулық сақтау саласын дамыту керектігін баса айтты. Өз жолдауында мемлекет басшысы халық ішінде екпеге қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеу керектігін ескертіп, ел тарихында вакцина көптеген дерттерге тосқауыл болғанынын айтып өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның жасалғанын мақтанышпен айтып өтті. Біздің елде өндірілген вакцина тиімді және қауіпсіз екенін айтып барша Қазақстандықтарды жаппай екпе алуға шақырды.
Ахметова Динара УсеновнаАқсу аудандық орталық ауруханасы директорының сапа бақылау жөніндегі орынбасары