Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді» – дейді.
Ал ең төменгі жалақымен еңбек етіп жатқандар нағыз еңбек адамдары деп білемін. «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей ауылдың тазалығына баса назар аударсақ, таң атпастан қолдарына сыпыртқы мен қаптарын ұстап, ала жаздай кешкі салқынмен орталық алаңға шығып, демалып, балаларын ойнатқан ақшасы көп азаматтардың шашып кеткен қоқыстарын жинап жүретін төменгі жалақы иелерін осы Жолдау қуантқанын да байқаймыз. Аз болса да жалақыларының көбейгені олардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Аддал еңбек, маңдай тер қашанда болса ақталатынын осыдан көруге болады. Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді – дейді мемлекет басшысы. Осы бір ауыз сөздің өзі адал еңбек адамдарына күш беріп, қуаныш сыйлайтыны айтпаса да түсінікті.
Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.