Ақсу аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде қайырымдылық кеші өтті.
Кешке мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасылардан шыққан 130 бала шақырылды. Ақсу халық театры «Қаңбақ шал» ертегісін сомдаса, талантты жастар балалардың көңілін көтеретін әндер орындады. Қайырымдылық кеш соңында аудан имамы Анарбай Тасболатұлы балаларға жақсы тілектерін айтып, мектеп құралдары, тәттілер және жеміс – жидектер салынған сыйлықтар табыстады.
Л.ҚАСЫМБЕКОВА.
Жансүгіров ауылы.