Туристік әлеуетті арттыру басым бағыт.

2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге, оның ішінде туризм саласындағы қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Ақсу ауданында ақын Сара Тастанбекқызының және Тәнеке батыр кесенелері бар. Сондай-ақ аудан бойынша 2 мұражай қызмет көрсетеді. Олар: Қапал ауылындағы «Ақын Сара» мұражайы, Ақсу ауылындағы І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану мұражайы.

Ауданымыздың табиғаты ерекше. Қапалда Тамшыбұлақ шипалы бұлағы, Матайда емдік көл ретінде белгілі Рай көлі. Өңірдің табиғи ерекшеліктері мен жер бедерін ескере отырып туризмді дамытуға қолайлы өңір десе де болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып кәсіпкерлерді біздің ауданда туризмді дамыту бойынша жаңа жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды сұраймыз.

Ауданы әкімдігі тарапынан барлық қажетті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Мәліметпен бөлісу: