ТУҒАН ЖЕР БАЛА КӨЗІМЕН

Қайырлы күн, «Ақсу өңірі» газетінің редакциясы. Әр ұстазға өз шәкірттерінің жетістіктері, жеңістері маңызды.

Сіздерге кішкентай білім алушыларымның тырнақалды туындысын ұсынғым келеді. 3-сынып оқушыларының жүрекжарды, туған еліне, кішкентай ауылына де­ген махаббатқа толы туындыларын назарларыңызға ұсынамын.

Бесір Назерке БАУЫРЖАНҚЫЗЫ.

Ыстық маған әрқашан,

Туған жер деп

Ән саламын шаршамай.

Туған жерде

Асыр салып ойнамыз,

Балалармен

Шат — шадыман күйдеміз.

Туған жерге ешбір жер жетпейді,

Алыс кетсем егерде,

Оралуды аңсаймын

Раяна ТОҒЫЗБАЙ.

***

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен — байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тұра бер

Қазақстаным менің….

Әмина АМАНКЕЛДІ.

***

Балалық шақ,

Жастық шақ,

Алып өттім далаңмен.

Бөлейтін жырға жанымды,

Борыштармын саған мен!

Ерасыл ТӨЛЕГЕН.

***

Кеңғарын ауылына келгенде,

Тұмсық жарды көрдің бе?!

Иіліп сәлем бердің бе?

Жота жаққа қарасаң,

Байтулақ ата тұр жарқылдап.

Ауылдың дәл қасында

Ағып жатыр Басқан су,

Қасиетті бұл мекен

Туып өсіп өнгенге….

Қайша МҰХАМЕТБАЙ.

***

Кеңғарын туған жерім,

Ыстық маған әрбір тасың,

Самал желің баурап алар,

Ауаңменен тыныс алам.

Уа, туған жер,

Топырағыңнан нәр алам,

Сен деп соққан жүрегім,

Жүрегіммен ән салам

Мәриям АЛПЫСБАЙ.

***

Менің туған жерім,

Айдын шалқар көлім,

Ауылым — алтын бесігім,

Соғады сен деп жүрегім.

Туған жердің төрінде,

Бейбіт өмір сүреміз.

Асыр салып қуанып,

Жүгіреміз, күлеміз.

Жансая ТӨЛЕГЕН.

***

Туған жер — атамекенім,

Өзіңді мақтан етемін.

Өрісі кең, суы мол,

Бұл менің құтты мекенім.

Арқырап аққан Басқаның,

Арайлап атқан ақ таңың,

Жер жетпейді-ау өзіңе,

Көгеріп ашық аспаның.

Туған жерім — алтын бесігім,

Өзіңді мақтан етемін

Өмірдің ашқан есігін,

Кеңғарын — менің бақ мекенім

Хадидже САЙЫН.

.

***

Туған жердің түтіні ыстық,

Туған елдің көктемі ыстық,

Жүрегімде мәңгіге,

Жатталғансың Кеңғарын.

Ермұхамет МҰХАМЕТБАЙ.

Мәліметпен бөлісу: