ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ТРЕНДІ

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Жолдаудағы цифрлық даму біздің, яғни іскер адамдардың көңілінен шықты.

Бизнесті трансформациялау – бұл тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және табыс табуды молайтуға бағытталған терең, жүйелі және дәйекті өзгерістер. 

«Цифрлық трансформация» бағдарламасы – кәсіпкерліктің бағасын арттыру және көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін көтеру, бизнес — процестерді жетілдіру, қызметті автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру есебінен іргелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталады.

Атап айтсақ, олар жаңадан бастаған кәсіпкерлікті қаржылық тәуекел аймағынан шығару және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бизнестің тиімділігін арттыру; клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға қол жеткізеді.

Цифрландыру – дамудың негізгі трендіне айналады. Ақпараттық технологиялар деректерді өңдеу жылдамдығы мен сенімділігін арттырады, адам факторының қатысуын азайтады, өнімділікті арттырады. Жалпы, бұл қадамдардың барлығы бизнестің тиімділігі мен табыстылығын арттыруға бағытталады.

Қазір әр түрлі әлеуметтік желілер арқылы бизнесті жарнамалауға болады. Осы жарнамалар арқылы тұтынушылар санын көбейтіп, еңбекті жандандыру, табысқа шығу әрбір кәсіпкердің алдыға қойған мақсаты.

Бағлан НАРЫШЕВА,

Ақсу ауданының іскер әйелдер қоғамының төрайымы. Кәсіпкер.

Мәліметпен бөлісу: