«Айжұлдыз» балабақшасының «Қызғалдақ» тобында тәрбиеші Кенжегүл Жексенбинованың ұйымдастыруымен «Әкем, шешем және мен» атты Толағай отбасылық сайысы өтті.
Отбасылық жарыс қызықты да тартысты өтіп, Нәтижесінде жүлделі ІІІ — орынды Кологойда әулеті қанжығасына байласа, ІІ орынды Есімхан әулеті жеңіп алды. Ал, Бас бәйге, 1 орынға Аспандияр әулеті ие болды. Сайыс соңын балабақша меңгерушісі Д.Манғытбаева қорытындылап, жеңмпаздарды марапаттады.
Гүлнар Асқанбаева,
«Қызғалдақ» тобы тәрбиешісінің көмекшісі.