ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.

Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады.

Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл.

Еліміздің «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4-бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан – дүниеміздің айнасы, өсіп -өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы,

жанның барлық толқынын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазына»,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт – дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.

Қазіргі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуындағы бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Бабалардан қалған жалғыз байлығым,

Ана тілім биік туым, айбыным.

Арманға да айырбастай бермейтін.

Тілісің сен ішімдегі қайғының.

Жігіт бірде кедейленер, байыр да,

Ақ атымды, қанатымды қайырма.

Айырсаң да, қымбаттымнан талай бір,

О, тәңірім, тек тілімнен айырма!

Г.БОЛЫСБАЕВА,

Б.Сырттанов ауылдық клубының музыкалық жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: