ТІЛ — ТАЗАЛЫҚ, ТІЛ — БАЙЛЫҚ

Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын бірақ шынайы күшіне енетін болса елді сілкіндіре алатын тылсым күш иесі ол – тіл. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігін түр-тұлғасын, салт – дәстүрін, ұстанымын, наным – сенімін санаға сіңіріп ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырпатын баға жетпес байлық саналатын қатынас құралы.

Сондықтан да, тіл – мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір қасиетін біле – білген халқымыз оны ұлттық рухына қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін — келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата – дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз тәуелсіздік, егемендіксіз тіл болмақ емес. Тілі жойылған ұлттың өзіде жойылады. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемелекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішіндегі көптеген еңбектер нәтжесінде мемелекеттік тіл – қазақ тілі болып жарияланды. Тіл үшін бар күш жігерімізді аямайц еңбек етуіміз ке­рек. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз. Яғни, қазақ жа­стары, демек, біздің міндетіміз қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Еліміз сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Тіліміздің түп тамы­рымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік ете отырып, ежелгі бабаларымыздан сақталған ана тіліміздің мәртебесін өсіріп, кіршіксіз таза қалпында болашаққа жеткізу біздің басты борышымыз екенін ұмытпау.

Гүлбахар ЕРКІН,Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.

Мәліметпен бөлісу: