ТІЛ ҒҰМЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ

1585987282_t3l.jpgЖуырда ақын Сара атындағы мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Yerkin» өнер академиясы ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ая­сында ақпараттық «Тіл ғұмыры – Ұлт ғұмыры» атты кездесу өткізді.

Аталмыш жиында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл сая­сатын жүргізу басты мақсат болды.

Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асы­ру аясында Еркін өнер академиясының өкілі Дәулет Ауданбаев тұрғындармен мемлекеттік тілге оқытудыӊ қолда бар мүмкіндіктері ту­ралы ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, интернет пен телевидениеніӊ әлеуетін барынша пайдалануды, жеке секторды халықты мемлекеттік және басқа да тілдерге оқыту бойынша шараларға белсене тартуды тілге тиек етті.

Жетісу облысы «Тіл» оқу — әдістемелік орталығы КММ Сарқан аудандық филиалының меңгерушісі Тултекенова Назым жоғарыда аталған бағдарлама аясында толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылармен кері бай­ланыс орнатып, сергіту сәтін жүргізді.

Артынша салыстырма­лы көрсеткіш ретінде Сарқан ауданының нәтижелерімен бөлісті.

Ақсу ауданының ішкі сая­сат, мәдениет, тілдерді да­мыту және спорт бөлімінің бас маманы Елубаева Айна қоғамдағы басты мәселенің бірі мемлекеттік тілдің емес рес­ми тілдің қолданылу аясының кеңейіп кеткенін атап өтті.

Аталған олқылықтар ая­сында атқарылып жатқан ша­ралар легімен таныстырып, барша қазақ жастарын ана тілімізді қадірлеуге, ардақтауға шақырды.

Марал НҰРҚАСЫМОВА.

Мәліметпен бөлісу: