ТІЛ – ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Тіл – әрбір елдің жаны, достықтың тірегі, халықтарды жақындастыратын ерекше құрал. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ елдің мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез – келген халық ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін тәуелсіздікке ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі екені белгілі. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Атадан қалған, балаға мирас болып жеткен ана тіліміз ел ішіндегі тыныштық пен халықтар достығының тірегіне айналған. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Еліміздің ұлтаралық саясаты – достыққа, бірлік пен ынтымаққа негізделіп келеді. Ортақ Отанымызды мекендеген барлық ұлыстар Тілдер мерекесін тойлай­ды. Осылайша, Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні – достықтың тірегіне айналып отыр.

Марал ТӨЛЕУБАЙ,

Құрақсу ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: