Тіл — әрбір елдің жаны, достықтың тірегі, халықтарды жақындастыратын ерекше құрал. Тіл — халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ елдің мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез — келген халық ұлттық қадір — қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін тәуелсіздікке ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ана тілін қорғау дегеніміз — өз ана тілінде таза сөйлеу. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі екені белгілі. Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Атадан қалған, балаға мирас болып жеткен ана тіліміз ел ішіндегі тыныштық пен халықтар достығының тірегіне айналған. Мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі елімізде барша азаматтар ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Еліміздің ұлтаралық саясаты — достыққа, бірлік пен ынтымаққа негізделіп келеді. Ортақ Отанымызды мекендеген барлық ұлыстар Тілдер мерекесін тойлайды. Осылайша, Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні — достықтың тірегіне айналып отыр.
Марал ТӨЛЕУБАЙ,
Құрақсу ауылдық кітапханасының кітапханашысы.