
Қандай да бір халық болмасын, оның ұлттық тұрмыс-тіршілігінде тіл маңызды рөл атқарады. Тілдің ұлт өміріндегі аса маңызды орны жайлы халқының ертеңгі қамын ойлаған талай тамаша қоғам қайраткерлері жеріне жеткізе айтқан пікірлері кейінгі ұрпақтардың есінде . Солардың бірі, қырғыз елінен шыққан ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов: “Халықтың мәңгі ғұмыры- тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін-ұлы” — депті. Сондықтан да әрбір ұлт өзінің болашағы жайлы істерін, күресін — тілін, сол тілде жасалған рухани құндылықтарды дамытудан, соған кең өрістер ашудан бастаған. Тіл мәселесін шеше алмаған талай халықтар тілі жойылып, сонымен бірге өзі де тарих сахнасынан түсіп құрдымға кеткен. Сондықтан да ертеңін ойлаған халық барлық уақытта да тілін көзінің қарашығындай сақтап, тілі күшейгенде күшейіп, әлсірегенде әлсіреп отырған.
Қай тұрғыдан алғанда да тіл мәдени өмірімізде шешуші рөл атқарады. Тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болуымен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үдерісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата — бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар — мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халқы қай деңгейде тілдің бай қорымен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі; қай деңгейде ойласа , сол аяда сөйлейді”,- деген терең тұжырымдармен жалғастырады. Бізге өткеннен аманат болып жеткен біртұтас тарихи және ұлттық құндылықтарымыз міндетті түрде ұлт мүддесіне қызмет етуі тиіс. Ана тілінің түп — тамырына балта шаппаған және тілге осы деңгейде кеңдік пен серпінділік танытқан елдер ұдайы өзіндік үні бар, емінеркін сөйлейтін және терең ой қозғайтын ең серпінді қоғамға айналады.
Тілдің дамуы ұлттың дамуымен тікелей байланысты. Тіл мен ой бір нәрсенің екі жағы сияқты. Сондықтан да тіл белгілі бір ұлттың ұлттық ойы мен санасезім дәрежесін де аңғартады. Демек, ертеңін ойлауға тиісті ұлт болашақ даму жолдарын дұрыс анықтау.
Туған елім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! — деп ақын Ә.Тәжібаев жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс — берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы . Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Меруерт УАЛИ,
Ақсу ауылдық мәдениет үйінің директоры.