Ойтоған ауылдық клубында тіл байлығын арттыру, қолдану аясын кеңейту мақсатында, жасөспірімдер арасында «Батагөй ұрпақ» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.
Ежелден келе жатқан қазақ салтының бірі «Бата беру» дәстүрін жасөспірімдер арасында насихаттау. Жасөспірімдерді тілге, дінге салт-дәстүрге деген көзқарастарын қалыптастыру. Бата жаттау арқылы ой өрістерін кеңейту тіл байлығын дамыту барысында Ойтоған ауылдық мәдениет қызметкерлері бата беру үрдісін жандандыру үшін жасөспірімдер арасындағы жарысқа бірінші орынға (буфер) дыбыс күшейткіш силыққа тіксе, ауыл ақсақалдары жарысқа қатысқан балаларға ақшалай силық пен баталарын берді. Бата беру, оны айта білу тіл шеберлігінің айқын көрінісі, сөзден жаңылған, ұмытып қалған балаларда бата, сөз қадірін түсінгендей.
Ауылымыздың «Батагөй» қарты Сайлаубай ақсақал, жазба ақын Қанат атамыз, мешіт имамы Жекен Тұңғышбай, қолөнер шебері, ақсақал Үмітқазы атамыз оқушылармен ұйымдастырушы мәдениет қызметкерлеріне үлкен алғыстарын білдіріп, баталарын берді. «Батамен — ел көгерер, жаңбырмен -жер көгерер»,- деп халық бекер айтпаса керек. Бата Құдай тілеуі, әмин деп періште бет сипаса, тілеу бата орындалып кетері сөзсіз.
Э.БЕКОВА,
бастауыш партия ұйымының мүшесі, Ойтоған ауылдық клуб әдіскері.