
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2020 жылдың 28 қыркүйек күні сағат: 10-30 да барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Ақсу ауданының әкімі, терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы Базарханов Есім Сейілханұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы тер- роризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сарқан аудандық бөлімінің басшысы Мейманқұлов Аскар Фазилахмедұлы, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде:
1). 1 «Қазақстан Республикасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс — қимыл жөніндегі 2018 — 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 2020 жылы іске асыру нәтижелері туралы».
2).«Терроризмге қарсы комиссиясының алдағы отыры- старында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы».
3). «Мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдерінің діни экс- тремизм мен терроризмге қарсы бағытталған ақпараттық қажеттілік тізбесі негізіндегі ақпараттардың сапалы орындалуы туралы» мәселелер қаралып, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Берікбаев Жандос Рахымбекұлы баяндамасын жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша ауданның терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау үшін тапсырды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.
Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппараты.