Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы

Аудан әкімдігінің кіші залында 2022 жыл-дың соңында Ақсу ауданының әкімі, тер­роризмге қарсы комиссиясының төрағасы Базарханов Есім Сейілханұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті от­ырысы өткізілді.

Комиссия отырысына Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Сарқан аудандық бөлімінің басшысы Тұрсынбаев Арман Мұратбекұлы, аудан прокурорының орынбасары Сабыр­баев Әділет Асқарұлы, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша баянда­малары тындалып, ауданның терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы бірқатар хаттамалық шешімдер орындау үшін тап­сырды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

М.НҰРҚАСЫМОВА.

Мәліметпен бөлісу: