Қазақ елі — дүниежүзіндегі бейбітшілікті, татулықты, тұрақтылықты қастерлейтін бірден-бір мемлекет, сондықтан да тәуелсіздік алған сәттен бас- тап бейбітшілікті ту етіп, әлемнің түкпір- түкпірімен саяси, мәдени, рухани, достық қарым-қатынас орнатты. Дінді желеу еткен экстремистік және террористік идеологияның таралу процессі соңғы уақытта іс жүзінде бүкіл әлемде ауқымды сипатқа ие болып отыр. Қазақстан әлемдегі сыртқы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, өзінің геосаяси жағдайына қарай, Орталық Азия өңіріне географиялық жағынан жақын Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі тұрақсыздыққа орай, халықаралық терроризмге қарсы күрестің негізгі бағыт аймақтарының бірінде қалып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы терроризм қатерінен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесін әзірледі, оның тиімділігі біртіндеп арттырылып жатыр. Қазақстан терроризмге қарсы күрес саласындағы негізге алынатын барлық халықаралық әмбебап актілердің қатысушысы болып табылады. Арнаулы мемлекеттік қызметтер мен құқық қорғау органдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррористік Комитетімен, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Терроризмге қарсы бөлімшесімен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Терроризмге қарсы орталығымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды. Бүгінде терроризмге қарсы әлемнің бірнеше мемлекеті мен халықаралық ұйымдар күресуде. Бұл, өз кезегінде, дендеп еніп бара жатқан терроризмнің алдын алуға, жол бермеуге апаратын бірден-бір жол болып табылады.
Жібек АЛШЫНБАЕВА,
аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы.