Өте маңызды бағдарламалық құжа

Еліміздегі экономикалық табыстар, қазақстандық әрбір отбасының әл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңіне берік тұғыр жасап берді. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына қарай, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап-бүкіл осы жылдары дәйектілікпен жүріп келе жатқанындығын біз көріп те, біліп келе жатырмыз. Бүгінгі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы қоғамдық үдерістердің, сонымен қатар әлеуметтік саланың серпінді дамуын қамтамасыз ететін маңызды бағ¬дар¬ламалық құжат болып табылады. Елбасы биылғы Жолдауында қоғамдағы өзект мәселелер: азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту және оның тиімді қолданылуына бақылауды, «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының жүзеге асырылу мерзімін 2022 жылға дейін созу, жаңа технологиялар мен цифрландыру жүйесін дамыта отырып суды үнемдеу, ынтымақтастық және басқаларына ерекше назар аудара отырып, алдағы мерзімге арналған нақты мақсаттарды анықтап берді.

Құрманғалиева Бақыт Нұрсейітқызы — зейнеткер, Ақсу аудандық әжелер Кеңесінің төрағасы, «Ақсу ауданының құрметті азаматы».

Мәліметпен бөлісу: