
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі»,–деп көтерген жетінші мәселеде «Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет», – деп табиғатты аялау, қорғау, күтіп баптау керектігі басты назарда екенін айтып, «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалыс-ты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет – деді.
Иә, халқымыз «Тазалық жинағаннан емес, шашпағанан» деп қалай тауып айтқан. қанша жерден жинап жатсақ та келесі біреулер шашып жатса жасалған жұмыс көзге көрінбейді ғой. Осы мәселеге тосқауыл болуы керек.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Ақсу ауданында да үлкен жауапкершілікпен жүргізіліп келеді. Акцияға аудан жастары мен «Жасыл ел» жастар жасағы зор үлестерін қосуда. Көктемнен бері аудан бойынша қаншама жұмыстар атқарылса, соның басы қасында біздің жастар мен ауылдық округ нұсқаушылары, Ақсу жастары қызметкерлері, жасыл ел жасақшылары, еріктілер тобы белсенділік танытып жүр.
Балғын ТІлеубергенова,
«Aqsu jastary» филиалының басшысы.