«Таза Қазақстан» респуликалық экологиялық акциясы аясында өтпелі жылдың 6 қыркүйегінде Таза Қазақстан бағдарламасы бойынша республикалық жоспарға сәйкес Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында «Таза көше», «Таза аула» байқауы өткізіліп, қортындысы бойынша белсенділік танытқан байқау жеңімпаздары марапатталды.
Атап айтқанда аудан орталығы Жансүгіров ауылында Шоңай батыр, Пушкин және Әуезов көшелері арасында үш көше бойынша «Таза көше» байқауы өтті. Соның ішінде көшенің ғана емес ауылдың береке – бірлігін көрсетіп, аталмыш байқаудың жеңімпазы болған Мухтар Әуезов көшесі ауыл бойынша ең таза көше атанып, көше тұрғындарын ұйымдастыра білген көше комитеті Күләй Тұрсынқызы марапатталды.
«Таза аула» байқауы бойынша аталмыш көшедегі №30 үйдің тұрғыны Оразалинов Есімбек Есболұлының үйі ең таза аула болып танылып, осы номинациясымен марапатталды.
Акцияға байланысты байқаудың екінші жеңімпазы болып Тәуелсіздік көшесі, №102 үй танылып, осы шаңырақтың тұрғыны Шарынов Бари ағамыз марапатталды. Бари ағамыздың үйі осымен екінші мәрте «Таза аула» атағын иеленіп отыр. Осыдан 5 – 6 жыл бұрын тағы да осындай байқауда «Ең таза үй» номинациясын жеңіп алып, үйінің көше жақ керегесіне арнайы тақтайша тағылған болатын.