«Таза бейсенбі» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында бүгін аудандық әкімшілік, аудандық партия филиалының белсенділері, мәслихат депутаттары мен «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері және Бастауыш партия ұйымдары аудандағы өзендердің жағасын тазалауға шықты.

Атап өтейік, акция барысында аманаттықтар өзен бойындағы пластикалық және шыны құтыларды қапқа салып, ағаш бұталарын жинап аумақты ретке келтірді.

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара апта сайын жалғасып келеді. Бір өкініштісі өзен бойына келген азаматтар отырған орында қалдықтарды тастап жинап кетпейді. Сол себепті бұл жерлер қоқыс орнына айналған. Біздер мұны тазалап қана қоймай, акция арқылы аудан тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз. Президенттің «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «AMANAT «партиясы “Таза бейсенбi” әр апта сайын жүргізілуде. Осыған орай бүгін міне алтыншы апта Ақсу ауданының партия мүшелері, партияластар Ақсу өзенінің жағалауында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз — деді, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы.

Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.

Мәліметпен бөлісу: