«Тарихқа тағзым» атты саяхат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында  «Туған жер» бағдарламасы аясында  2018 жылдың 01 – 05 қараша күндері аралығында аудан мектептерінен 10 оқушы Түркістан қаласындағы Арыстан баб (Қ.А.Яссауидің ұстазы) кесенесіне,  Ежелгі Отырар қалашығына, Гаухар ана (Қ.А.Яссауидің қызы) кесенесіне, Тарихи-мәдени Этнографиялық мұражайға,  Үкаша ата киелі құдығына, Ежелгі Сауран қалашығына, Қ.А.Яссауи кесенесіне, «Қылует» жер асты мешіт медресесіне, «Хамам» ежелгі шығыс моншасына, Рабия Сұлтан Бегім, Есімхан кесенелеріне, Орта ғасыр қорғанына және Түркістан қаласының орталық алаңына саяхат жасап, есте қаларлық әсер алып қайтты.

 

                                          С.Қожанова, білім бөлімінің сектор меңгерушісі

Мәліметпен бөлісу: