
Киелі Тамшыбұлақ – табиғи сұлулығы мен тарихи тағылымы тоғысқан ерекше орын. Осы бір қастерлі мекенде Қапал өңірінің жастары бас қосып, ел болашағына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте айқын көрсетті.
Тағылымды жиында ақсулық жастар жаңа Конституцияны қолдайтынын ашық білдіріп, оның ел дамуы мен әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы стратегиялық маңызын атап өтті. Олар әрбір азаматтың дауысы – мемлекеттің ертеңін айқындайтын маңызды тетік екенін жеткізді.
Кездесу барысында жастар елдік мүдде, қоғамдық жауапкершілік және саналы таңдау мәселелеріне тоқталып, белсенді азаматтық ұстанымның маңызын ерекше атап өтті. Киелі жерде айтылған ойлар өткен тарихпен сабақтасып, болашаққа деген сенімді нығайтты.
Бұл – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа нық қадам басудың көрінісі. Ақсулық жастар өз таңдауы – ел ертеңі үшін жасалатын жауапты шешім екенін айтып, барша жерлестерін белсенділік танытуға шақырды.
Ел ертеңі – саналы таңдау мен ортақ жауапкершілікте.
