Талдықорғандық оқушылар менталды арифметика бойынша халықаралық жарыста жүлдегер атанды

UCMAS Халықаралық Академиясы халықаралық жарыстарға еліміздің намысын қорғау үшін биыл екі құраманы жіберді. Біріншісі Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласындағы менталды арифметика бойынша 22-ші Халықаралық жарысы. Оған әлемнің 45 елінен 3000-нан аса қатысушылар келіп бақ сынасты. Екіншісі Индонезияның Бали аралындағы UCMAS Академиясының менталды арифметика бойынша 9-шы Ұлтаралық жарысы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

ЮСИМАС арифметикалық орталығының аға инструкторы Кентбаева Әсемнің айтуынша, Қазақстанның намысын қорғауға аттанған 71 баланың ішінде бесуі Алматы облысынан. Олардың барлығы жүлделі орындарды иеленді. Соның ішінде күміс жүлдегерлер Кәрім Маликбай мен Максим Касеновский. Жеңімпаздарды достары мен ата-аналары үлкен қошеметке бөлеп, мерекелік концерт ұйымдастырды.
Балалар бір жылға жуық менталды арифметика курсында оқиды. Олардың есептеу жылдамдығы өте жоғары деңгейде. Мұғалімдердің айтуынша осындай жетістіктер қажырлы еңбектің жемісі.
— Әрине, шетелде өтетін олимпиадаға қатысу маған қорқынышты болды. 8 минут ішінде мен 100-ден астам мысалды шешіп, екінші орын алдым. Ең жағымды жаңалық менің отбасым мен достарымның қолдауына ие болғандығым, — деді менталды арифметика бойынша 22-ші халықаралық олимпиада жеңімпазы Максим Касеновский.

Сондай-ақ, жас дарынның айтуынша жеткен жетістіктердің барлығы жеңістердің басы ғана, келесі жылы да қалған жарыстарда көшбасшы болуды көздеп отыр.

Мәліметпен бөлісу: