Талдықорғанда жаңа емхананың құрылысы аяқталуда

Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту және медициналық жедел жәрдемнің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасын тауып жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының аясында шалғайдағы елді мекендерде 59 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді.

Облыс орталығы Талдықорған қаласында дәл қазір жаңа үш емхананың құрылысы аяқталуға таяп қалды. Олардың ашылуы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттырып, қаладағы медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді.

Олардың бірі – ауысымында 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана. Қазіргі күні дайындық жұмыстары 90%-ды құрап отыр. Құрылыс алаңында 150 маман және 5 техника тынымсыз жұмыс атқаруда. Сантехника, су және жылу жүйесін бекіту, электрмен қамту және интернет, қорғаныс жүйелерін орнату жұмыстары 98%-ға орындалды. Нысан аумағын көгалдандыру 75%.

Жобаның ішінде емхананы жаңа технологиямен қамту жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Онда магнитті-резонансты және компьютерлік томография, рентген аппараты, маммограф орнатылып, жеке зертхана жабдықталады. Бұл диагностикалық зерттеулер деңгейін бір емхана ішінде жүргізуге және ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Медициналық қызметкерлерге арналған комфортты шарттар – киім ауыстыру орындары, санитарлық-тұрмыстық және жуыну бөлмелері қарастырылған.

Жалпы аумағы 11,5 мың текше метрді құрайтын ғимарат құрылысын 2026 жылдың 30 қарашасында аяқтау жоспарланған.

Жақын маңдағы ықшам аудандардың тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді көмек ұсынатын жаңа емхана Талдықорғандағы медициналық инфрақұрылымның ең маңызды бөлшегіне айналуы тиіс.

Мәліметпен бөлісу: