ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНДЕ ТАЛДЫҚОРҒАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні аясында ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында Jetysu Media алаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері мен бағыттары және Департаментпен ағымдағы жылдың 11 айында жүргізілген жұмысының аралық қорытындылары жеткізілді.
Жандос Жұмабаев брифинг барысында «бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл тек тұтқындау, ұстау және қылмыстық істер ғана емес. Сотталушылар орындығында мемлекеттік қызметші немесе жоғары лауазымды тұлға отырған кезде-бұл бүкіл мемлекеттік қызмет пен қоғам үшін төтенше жағдай. Бұл жүйенің өзінде көптеген олқылықтар, кемшіліктер, сыбайлас жемқорлық алғышарттары бар екендігінің дәлелі.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — заңнаманы жетілдіру, заңсыз байыту және басқа да игіліктер алу мен сыбайлас жемқорлық жолдарды жоспарлы түрде жою жөніндегі тынымсыз жүйелі жұмысты қамтиды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — бұл бүкіл азаматтық қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және нығайту» деп атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген мониторинг қорытындылары баяндалды. Жүргізілген мониторинг аясында Департамент облыстық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау бойынша тиісті шаралар қабылдады. Соның арқасында Алматы облысының бюджеті бүгінгі күні 2 млрд.448 мың 480 теңге сомасында үнемделді.
Мысалы, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде Талдықорған қаласы бойынша юақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы жөндеу бойынша сатып алудан бас тарту арқылы 1 млрд.203 млн. 843 мың 487 теңге үнемделді.
Алматы облысы әкімінің аппаратында тауарлар мен қызметтердің бағасын медианалық баға бойынша қайта қарау арқылы 93 млн.979 мың 283 теңге үнемделді. Мысалы: ҚР Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы жеңіл автокөлік құралдары мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға тыйым салу туралы №108 өкіміне қарамастан 27 млн.970 мың теңге сомасына автомобиль және 6 млн. теңге сомасына кеңсе жиһаздарын сатып алуды жүзеге асыру жоспарланған болатын.
«Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының» «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-де бейнеконференция байланысын ұсыну және ақпараттық технологияларды тестілеу қызметтерінен бас тарту арқылы 76 млн.758 мың 164 теңге үнемделді.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Алматы облысының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша жұмыс нәтижелерін жеткізді.
Жандос Жұмабаев атап өткендей: жыл басынан бері Департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12 сыртқы талдау жүргізілді, 194 сыбайлас жемқорлық тәуекел анықталды. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 17 мониторинг жүргізілді. Оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалар мен бағыттар анықталды (жер қатынастары саласы, салттық қызметтер көрсету саласы, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласы, спорт мекемелерінің қызмет саласы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу саласы).
Жедел-тергеу бағыты бойынша ағымдағы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы жеткізілді.
Департаментпен 2020 жылдың 11 айында 293 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 83,6% — дан астамы немесе 245 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар ауырлық дәрежесі бойынша негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады, оларға 62% немесе 152 қылмыс тиесілі.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 131 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 31 бірінші басшы: республикалық маңызы бар – 1, облыстық маңызы бар – 7, қалалық – 8, аудандық – 12, ауылдық – 3.
55 адам сотталды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға — 4, шартты жазаға – 1, өзге де шараларға — 8, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып – 436,1 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салуға-42 адам сотталды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,2 млрд. теңге немесе 85,7% өтелді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша 289,4 млн. теңге мүлікке тыйым салынды.
Сонымен қатар, брифинг аясында азаматтық сектор өкілдері, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі азаматтық қоғамның рөлі туралы баяндады.
Алматы облысы бойынша Арнайы мониторингтік тобының төрағасы Виктор Тен Арнайы мониторингтік топ жұмысының нәтижелерін жеткізді және алдағы уақыттағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті.
Өз кезегінде, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшесі, «ДАНА» жеке білім беру кешенінің құрылтайшысы Күләнда Батырбекова өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған «Әділет лигасы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасын таныстырды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті