Талдықорғанда дауыс беруге жастардың көп келгені көңіл қуантады – бақылаушы
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы №429 учаскеде «Аmanat» партиясының атынан бақылаушы болып отырған Кәмшат Шәріпқұлова учаскедегі жағдай туралы айтып, жалпы ахуалға қатысты ой бөлісті. Бақылаушының айтуынша, жастардың белсенділігі қатты байқалған.
Учаскеге сайлаушылардың жартысынан астамы келіп, дауыс берген.