Талдықорғанда қала күні атап өтілді

Талдықорғанда қала күнін атап өтудің өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Алдын ала ұйымдастырылған шаралардың өзі бірнеше күнге жалғасады. Биыл да солай болды. Әсерлі кездесулер, қызықты кештер, тартысты жарыстар, сурет көрмелері мен концерттер өтті.

Қорытынды жиын жаңадан салынған «Жастар» саябағында өтті. Оның аумағы кең, айналасы әсем безендірілген. Осынау көрікті орынға мыңдаған қала тұрғындары мен меймандары жиналып, еңбек ұжымдарының және әртүрлі оқу орындарының жетістіктерімен танысты. Өнерпаздардың концерттік бағдарламаларын тамашалады. Ең кереметі, алып торт әзірленіп, жұртшылыққа тегін таратылды. Аспаздардың айтуынша, оған 180 жұмыртқа, 75 келі ұн және 50 келі қант жұмсалған. Ал дайындауға бір аптадай уақыт кеткен. Мұрат Халық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: — Қаншама көркейту мәселесі шешіліп жатыр. Соның бәрі осы қала тұрғындарының игілігіне. Сондықтан біздің жергілікті биліктің осыншама еңбек жасағанын халық түсінеді, біледі. Сондықтан біздің бірлігіміз жарасып, осындай мерекелі өмірде келе жатырмыз. Сондай бір жақсы нышанмен біз қала күнін қарсы алып, өткізіп жатырмыз. Осы категория бойынша: «Алматы облысында мемқызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдаланудың жаңа әдісі енгізілмек Астанада сенбілікте 350 түп тал егілді»

Мәліметпен бөлісу: