Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур өтті

Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған индустриялық колледжінде пресс-тур ұйымдастырылды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай қолға алынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – колледжде даярланатын жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттап, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру. Пресс-тур аясында қатысушылар оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, білім беру үрдісіне жан-жақты баға берді.

Шараға «Жетісу» телеарнасы, «Жетісу» газетінің руханият бөлімі және облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Қонақтар колледждің заманауи материалдық-техникалық базасын аралап, студенттердің кәсіби дағдыларды игеру жолымен танысты. Сонымен қатар, виртуалды дәнекерлеу аппараты арқылы тәжірибелік жаттығу жүргізіп көрді.

Бұл пресс-тур жұмысшы мамандықтарының маңызын көрсетуге және жастардың техникалық білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

«Жетісу-Ақпарат»
Фото: Видеодан алынған кадр

Мәліметпен бөлісу: