Алматы облысының орталығына 11 қарашада 46 800 доза мөлшерінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясы әкелінді. «Комирнати» деп аталатын екпе 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезіндегі әйелдерге, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап омырауда баласы бар аналарға қабылдауға арналған. Бүгінгі күні аталған вакцинаны 4617 жасөспірім, сондай-ақ лактация кезеңіндегі 762 әйел мен 236 жүкті келіншек алғашқы бөлігін салдырып үлгерді.
Айта кетейік, Жетісуда ревакцинациялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Ревакцинацияның бірінші кезеңінен медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар өтеді. Сондай-ақ, дербес тексерілген және антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдарға ревакцинация курсынан өтуге кеңес беріледі.
Қазіргі таңда облыста ревакцинация курсынан 2624 адам өтті, оның ішінде 2119 медицина қызметкерлері, 109 педагог, күш құрылымдарынан 7 қызметкер, 60 жастан асқан 54 адам және өз бетінше тексерілгені 318 жеке тұлға.
6-желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес, Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 863 842 тұрғын салдырды. Бұл вакцина алуға жататын контингенттің 72% -ын құрайды. Ал екпенің екі бөлігінде 794 788 тұрғын салдырды.
Естеріңізге саламыз, Алматы облысы «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте өңірде коронавирустық инфекцияның 12 жағдайы тіркелген. Әзірге аурудың өсу қарқыны-0,02%-ды құрап отыр.