«Таңдау торты: Біз референдумды қолдаймыз!»

Ақсу ауданында ерекше форматтағы қоғамдық іс-шара өтті. Жансүгіров ауылындағы Ақсу агротехникалық колледжінің аспаз мамандығының өндірістік оқыту шеберлері, студенттері өлшемі 3,5 × 1,5 метр болатын символикалық «Таңдау тортын» дайындап, көпшілік назарына ұсынды.

Тортты әзірлеуде Ақсу қант зауытының өнімдері пайдаланылып, жергілікті өндірістің сапасы мен маңызы насихатталды.

Іс-шараға жастар және колледж ұжымы қатысып, тәтті дәмнен ауыз тиді. Шара барысында референдумның маңыздылығы айтылып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстаным көрініс тапты.

Ақсу агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Боранғалиқызы Құралай:
«Біз осы тортты дайындау арқылы елдегі маңызды бастаманы қолдағымыз келді. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосады деп сенеміз», – деп өз пікірін білдірді.

Аталған бастама жастардың белсенділігін арттырып, қоғамдағы бірлік пен ортақ жауапкершілікті айқындай түсті.

#АқсуАуданы #Жансүгіров #Референдум #БізКонституцияныҚолдаймыз #ЖастарБастамасы

Мәліметпен бөлісу: