Құсмолдин Серік Әділбекұлы — аудан әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Құсмолдин Серік Әділбекұлы — 1984 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Вихрь» ЖШС-ң қауіпсіздік қызметкері болып бастаған. 2007 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының біліктілігі орташа деңгейдегі маманы, 2009 жылы Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығы Ақсу ауданы бойынша филиалының басшысы, 2014 жылы «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, 29.06.2017 жылдан бастап осы күнге дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
Серік Әділбекұлы ауданның ауылшаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлік (бағаны қалыптастыру, туризм, сауда мәселелері бойынша), жер қатынастары, ветеринария бөлімі, аумақтық бақылау және қадағалау инспекциясы, аудандық статистика басқармасына жетекшілік етеді.