
1991 жылы өзін — өзі дербес, егеменді мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан экономикасы, тұрақты қоғамы және ауқымды жоспарлары бар ел ретінде әлемдік қауымдастықта өз орнын алды. Жаһандану заманындағы қауіп қатерлерді ескере отырып, мемлекетіміз рухани және ұлттық құндылықтарын ұлықтап, тек қана алға ұмтылып келеді.
Ата — бабамыздан қалған салт-дәстүрлеріміз бен киелі жерлерімізді, ізгі қасиеттерімізді қайта түлету үстіндеміз. Мемлекетіміз тәуелсіздік жолында талай қиындықтарды бастан кешірді. Небір зұлмат соғыстарды, ашаршылық пен түрлі солақай саясатты өткерді.
Иә, киелі — құтты еліміздің өткені мен бүгініне зер салсақ салыстыруға да келмейді. Тоқсан бірде мемлекетіміз тәуелсіздік алғанымен, оның заңнамалық базасы болмады, өзге елдермен арада қарымқатынас тетігі орнатылмады. Бұған қоса, экономикалық және саяси даму жолымызды айқындауымыз керек болды.
Ширек ғасырда еліміз бірталай жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде, ядролық қарудан алғаш болып бас тартып, Семей полигонының жабылуы, қазақ азаматтарының ғарыш кеңістігін бағындыруы, Қазақстан халық Ассамблеясының құрылуы, елорданың Алматы қаласынан Астанаға ауыстырылуы, Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше боулы – ел тарихында алтын әріптермен жазылған ауқымды оқиғалар екені даусыз.
Осының барлығы біздің егемендігіміздің баға жеткісіз табысы, оның нақты жемістері мен перспективалары екендігі айқын. Отыз жылдың ішінде жеткен жетістіктерімізді саралай отырып, біз бүгінгі таңда болашаққа толық сеніммен қарай аламыз.
Жаһандану заманындағы қауіп қатерлерді ескере отырып, Қазақстан рухани және ұлттық құндылықтарын ұлықтап, тек қана алға ұмтылып келеді.
Себебі, ата — бабамыздың қанымен аман қалған жерімізді бүгінде ертеңгі ұрпаққа аман жеткізу біздей жастардың, ағаапаларымыз бен ұлағатты ұстаздарымыздың басты мұраты болып табылады. Бүгінгі таңдағы іске асырылып жатқан түрлі сабдалы саясат пен реформалар ертеңімізді жарқын ететін күнге мүмкіндік және үлкен қадам.
Межелеген мақсаттарға жету үшін қандай үлкен шыдамдылық пен қанша күш жұмсалғанын елестету қиын. Шын мәнінде, бүгінгі Қазақстан – біздің бірлігі бекем халқымыздың ерен еңбегінің арқасы деп білемін.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз өз мақсатымызға тек қана көп ғасырлық тарих пен құндылықтарды, озық дәстүрлерді тиімді жаңғырту үшін орасан зор нәтижелерге айналдырған кезде ғана қол жеткіземіз.
Сол себепті қазақтың жаужүрек батырлары найзаның ұшымен қорғап қалған ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иесі ретінде, әрбір қазақстандық өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тиіс. Алға қойған мұрат пен мақсатты іске асыру үшін ел болып жұмыла кірісіп, елім деп еміренген әрбір азамат өз үлесін қосу керек.
Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Марал ҚУАТҚЫЗЫ.