ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАСТЕРЛЕУГЕ ТИІСТІМІЗ

Қадірлі жерлестер!

Ақсу аудандық мәслихаты депу­таттары атынан Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің орда бұзар отыз жылдық мерекесімен күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жылдар ішінде ауданымыз экономикалық дамуда, халықтың әл — ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған еңбек бағыты ауданымыздың беделінің өсуі үшін сенімді негіз болды.

Егер бізге Тәуелсіздік оп- оңай келе қалды десек, қатты қателескен болар едік. Ата — баба­ларымыз ғасырлар бойы аңсап, зиялылар тарихтың ақтаңдақтарын ашып, өзімізге тиеселі жерді ие­ленуге қаншама рет әрекет жа­сады. Сол әрекеттері үшін жан­дарын қиды. Иә, Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышы­мыз.

Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астын­да баянды да, бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін.

Бейбіт СҮЛЕЙМЕНОВ,

аудандық мәслихат хатшысы.

Мәліметпен бөлісу: