Сындарлvы уақыттың сынынан сүрінбей, ғасыр тарихының айғағы болған бүгінгі тәуелсіздік таңы баршаға арайлы болсын. Егемен елдегі еркіндіктен асқан құдірет қайда бар, Отаны бардың бәрі жақсы бақытты болар. Десе – де терезесі тең, керегесі кең болып өмір сүретін баяшатты өмір, кімге болса да керек-ау. Қуатты болудың басы бірлікте, бөлінбес берекеде. Адалдық пен адамдықта. Дүниеге құнықпай, адамшылықты ұмытпай таза жүрекпен өмір сүрген адам ғана халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыратын нағыз кемеңгері атанбақ. Қу дүние, жалған өмірде пендешілікпен өткізетін қателіктер адам болған соң болатын шығар. Бірақ тойымсыздық ол болашақты құртатын жұт.
Адал болмаған адам, адам болыпта жарытпайды. Еркіндік алғаннан бері не бітірдім, не істедім, не жаңалық жараттық, дамыған елдер қандай деңгейде, біз қай бағыт, қандай өредеміз. Міне толғанатын сұрақ, толғандыратын мәселе.Елдер ұшақ жасап аспанда жүрсе, біздер пышақ жасап малда жүреміз бе!? Елдер пойыз жасап, темір жолда зытқыса, біздер ат мініп, қара жолда дігідік-дігідік десек не ұттың сонда. Ойлану керек, хәм солай бағыт бұрып, бағдар дүзеген абзал. Азаматымыз ынжық болмасын десек, дамыған адамзаттық қоғамға құлшыну, ол парыз. Алақандай Жапон әлемді тіксінтеді. Кореа анау, көзіңді алартсаң көкеңе көрсетемін деп, теңіздің асты – үстін жерде жүргендей меңгерген. Тас лақтырсаң тау лақтыруға дайын тұр. Міне құдірет, алаңсыз орта, тұғыры мықты мемлекет. Біз де ел жасағанды жасап, дана халықтың артықшылығын әлемге неге танытпасқа. Қаншама жастар ғылыми жоба жасап, таң қаларлық туындыны өмірге әкелуде. Соларды қолдасақ, жарқ етер жарқын өмір әлі – ақ бізге мойын сынып, күллі әлем біз үшін ойланатын болады. Сондықтан ұпағымызды ғылымға, білімге, өркениетке үйретейік. Беделіміз асып, табанымыз тиянақты болсын. Жалтақтап емес, жалтақтатып жүретін қорғанысы мықты құрметті ел болуды нәсіп еткей.
Тәуелсіздік таңның алтын арайы мәңгілікке болсын!…
Бердібек ТӨЛЕПБАЙ,
Р.Тәжібаев атындағы мәдениет үйінің қызметкері.