Ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн – Тәуелсіздік күні барлық бастауыш партия ұйымдары мен аудандық партия филиалында салтанатты түрде аталып өтті. «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында баяндама жасалды, партия қатарына қабылданушыларға партиялық билеттер тапсырылып, белсенді партия мүшелері марапатталды. И.Исабаев атындағы «Өнер» мектебінің ұжымы мерекелік ән шашуларын жолдады. Келесі жыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Осы мерекеге орай аудандық партия филиалы «20 қайырымды іс» атты акция ұйымдастырды. Қайырымды, мейірімді адам — айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір — шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.
Міне осындай жандары жомарт жандар біздің ауданымызда да баршылық. Қарашілік ауылдық округінің тұрғыны Нұрғайып Бақытбек және жерлесіміз Ерлан Халықов бір топ адамдарға қайырымдылық көмектерін көрсетті. Аудандық мәслихат депутаттары да өз округтерінде де осындай көмектерді ұйымдастырды.
К.Дәулетбекова-аудандық ПФТ бірінші орынбасары