1991 жылы елімізге келген тәуелсіздік, қазақстан халқы үшін жақсылықтарға бастар жол болды. Биылғы жыл еліміз үшін елеулі жылдардың бірі. Себебі, биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне отыз жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде, яғни, тәуелсіздік алған жылдары еліміз мол табыстарға қол жеткізді деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін еліміздің экономикасы жанданып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, басқа да түрлі салалар көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз көркейіп, алға қарай қарқынды даму жолында мол табыстарға кенелді. Елімізде болып жатқан жақсылықтардың барлығы осы тәуелсіздігіміздің жеңісі деп білемін.
Биікте көктуымыз желбіреп, аспанда әнұранымыз қалықтап, еліміздің еңсесі түспей, Қазақстанымыз одан әрі дами берсін.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мәңгі болғай.
Динара МҰХАМЕТАЛИНА,
Ақсу ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы.