Тәуелсіздік күні – қазақстан халқының қастерлі де, қасиетті де киелі мерекесі

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 28 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп — көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жерлестерімізді Ұлттық мерекемізбен құттықтағымыз келеді. Бұл күн – ата — бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Біз бұл күнді ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім, бірлік, достық, ынтымақтастықтың аясында қарсы алып келеміз. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып,

құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Әр отбасына татулық пен ырыс — береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен даму жолы дұрыс бағытта екендігі толық дәлелденіп отыр. Осы уақыт ішінде мемлекетіміз нығайып, мәні мен маңызы зор әлеуметтік — тұрмыстық, экономикалық және саяси реформалары сындарлы жүргізіліп, халқымыздың әл — ауқаты арта түсуде. Әлеуметтік салаға негізделген экономика, демократия, әділет пен теңдік, адам құқығының қорғалуы осы жылдар ішіндегі ең негізгі шыққан шыңы болып табылады. Осы жылдар ішінде оннан астам ұлт өкілдері тұратын ауданымызда да әр сала бойынша алға өрлеу айшықты байқалып келеді. Бұл Елбасының ел еңсесін көтеруге байланысты баянды бағыты болып табылады. Тәуелсіздік күні – Қазақстан халқының қастерлі де, қасиетті де киелі мерекесі. Еліміз әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінде өркендеу жолында берік нығайып келеді. Сондықтан да Отанымызға әрбір азамат мақтанышпен қарап, жүректеріне ыстық сезім ұялатады. Тәуелсіздік алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Алдағы  өмір жолының бұдан да мазмұнды, бұдан да үйлесімді   болатынына  

бүгінде  әрбір қазақстандықтың  сенімі  мол.  Баршаңызға денсаулық, бақ — дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын! Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығайып, еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Ата — бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Е.БАЗАРХАНОВ, аудан әкімі.

Б.СҮЛЕЙМЕНОВ, аудандық мәслихат хатшысы.     

                     

Мәліметпен бөлісу: