Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабамыз армандап, қол жеткізуге талай боздақтарын қиып, өз өмірін тәрк ете күрескен, баға жетпес құнды да қасиетті сөз. Тәуелсіз елдің тілері – ол бейбітшілік. Қазақ жері жарты ғасыр бойы алапат қарудың сұмдығын ба¬сынан кешіргені белгілі.
Биыл Қазақстан Респу¬бликасы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Тәуелсіз — қазақ халқының, Қазақстанды мекендеген халықтардың мерекесі. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз.
Сол тәуелсіздік жолын¬да ата — бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азапта, аштықта, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдермен есте қалды. 1916 жылғы, ұлт – азаттық көтеріліс, 1928-1932 жылдардағы аштық, ССРО Германия соғысы, 1986 жылғы, әлемді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Қанша қиыншылық өтсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, себебі, бұл – тарих. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние жүзіндегі ең мықты мемле¬кеттер танитындай, сый¬лайтындай деңгейге жеттік. Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылдық. 120- дан аса ұлт өкілдері тұратын қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дар¬хан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген ме¬кенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» еді. Алаңға шығып өз ойла¬рын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастары¬на солдаттар мен полиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз — жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ләззат, Сәбира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді!
Біз бүгін мерт болған рухтары¬на бас иеміз! Тарих беттерінен терең үңілген сайын қазағымның қаншама қиындықпен келіп жатқанын көріп отырмыз. Ата – бабамыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап мұраға қалдырған ата-мекенімізді ендігі ұрпақ терең біліммен, ақыл — пара¬сатпен, салмақты мақсатпен сақтап, ұлтымыздың ұлы ар¬маны тәуелсіз ел болуымыз керек. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қазақ атымызды көкке көтеріп, намыс- ты ұл, инабатты қыз, айбынды ел болуға ұмтылайық.
Сәбира РАХЫПБЕКОВА,
аудандық балалар кітапханашысы.